Қазақстанда ипотека 8 процентке дейін түсіп кетуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев ипотеканы қалайша арзандатуға болатынын түсіндіріп берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бәріміз жақсы білеміз, ипотеканы қай банктен алсақ та, мөлшерлемесі 10 проценттен төмен түспейді. Қазіргі кезде біз оны 8 процентке дейін төмендету бойынша Үкіметке ұсыныс беріп отырмыз. Оны қолдай ма, қолдамай ма, әзірше білмейміз. Сосын банктермен де сөйлесіп жатырмыз. Жалғыз ТҚЖБ (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі - авт.) ғана емес, басқа банктер де осы жұмысқа кіріссе екен деген ойымыз бар», - деді Қ.Өскенбаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Вице-министрдің айтуынша, ипотеканы арзандату үшін банктерді субсидиялау қажет. «Банктердің ипотекасы неге қымбат? Өйткені олар ақшаны Ұлттық банктен алады, иә болмаса, xалықтың депозитке салған ақшасын пайдаланады. Бұл жерде депозиттің сыйақысын, яғни 8-9 процентін салымшыларға беру керек. Оған тағы өз үстемеақысын қосады. Сол себепті бүгінде ипотеканың мөлшерлемесі 14-15 процентке дейін барады. Қазіргі кезде біз 4-5 процентін аламыз да, 10 процентін xалық төлейді. Ондай жүйе бар (Қазақстанның ипотекалық компаниясы арқылы берілетін ипотека - авт.). Енді, біз осыны тереңдетіп, 8 процентке дейін түсірейік деген ұсыныс жасап отырмыз. Оны Үкімет қолдай ма, қолдамай ма, әлі білмейміз», - деп атап көрсетті Қ.Өскенбаев.

Соңғы жаңалықтар