Қазақстанда инжиниринг және цифрлық трансформация орталығы құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ретке келтіру бойынша инжиниринг және цифрлық трансформация орталығы құрылады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жалпы, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін ретке келтіру бойынша Инжиниринг және цифрлық трансформация орталығын құруды жоспарлап отырмыз. Бүгінде мемлекеттік органдарда көптеген ақпараттық жүйелер жұмыс істейді. Бұл - жақсы да емес, жаман да емес, жай ғана факт. 15 жылда біз көптеген ақпараттық жүйелерді құрдық, бұл бізге БҰҰ рейтингінде белгілі бір жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді. БҰҰ электронды үкіметті дамыту рейтингінде біз үздік отыздыққа кіреміз», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Бірақ, министр белгілі бір тексеру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.
«Кей жүйелер ескірген, қолданыстан шыққан немесе пайдаланушылардың қазіргі талаптарына сәйкес келмейді деген пікірлер бар. Сондықтан біз осы орталықты құрып, мемлекеттік органдардағы белгілі бір ақпараттық жүйелерді құратын компанияларға ықпал ету үшін министрлік пен «Зерде» холдингінің рөлін күшейтеміз. Бұл нақты не береді? Біз цифрландыруға енер алдында барлық бизнес процестерді нақты жазып шығамыз. Барлық цифрландыру процестеріне сәйкес келетін бірыңғай заманауи IT архитектурасы мен келісімі болады», - деп түсіндірді Бағдат Мусин.
- Әсет Тұрысов цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды
- Вице-министр Абылайхан Оспанов қызметінен босатылды
- OTAU TV ұлттық спутник желісінің құрылғанына 10 жыл толды
- Елордада ХҚО-лардың жұмыс кестесі қайта өзгерді
-
Бағдат Мусин eGov Mobile арқылы зейнетақы жинағын қалай бақылауға болатынын көрсетті
-
Павлодарлық оқушы қолжазбаны цифрлық форматқа ауыстыратын қосымша жасады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам