+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Қазақстанда инвесторлар әлеуметтік жобаларға 10 млн доллардан астам қаражат бөледі

2020 жылғы 21 қыркүйек 17:26
Бөлісіңіз:
Қазақстанда инвесторлар әлеуметтік жобаларға 10 млн доллардан астам қаражат бөледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚзаАқпарат - Энергетика министрлігі 1997 жылғы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісім шеңберінде Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келісім бойынша Батыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға 10 040 126 доллар мөлшерінде қосымша қаражат бөлу ұсынылып отыр.

«Атап айтқанда Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданы Ақсай қаласының ауруханасында шұғыл медициналық көмек қызметін жаңғырту, мемлекеттік колледж базасында кәсіби оқу орталығын құру ұсынылды. Сондай-ақ, БҚО Бөрлі ауданы Аралтал ауылында жерді қалпына келтіруге және жауын-шашын суын сорғыту жүйесін орнатуға қаражат бөлу мәселесі қарастырылып жатыр» деп хабарлайды министрліктен.

Жобалар тізбесі Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұсынысы бойынша жасалған.

Үкімет қаулысының жобасы «Ашық үкімет» порталында жарияланған. Жария талқылау 5 қазанға дейін жалғасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT