Қазақстанда инвестициялық салық резиденттігін алу рәсімдері айқындалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Заң Жобасы Жалпыұлттық жоспардың 27-ші тармағын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 71-ші тармағын және Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 29-шы жалпы отырысының хаттамалық тапсырмасын орындау үшін әзірленді.

«Заң жобасы «инвестициялық резидент» ұғымын және Қазақстанда «инвестициялық салық резиденттігі» бағдарламасын енгізуді көздейді.

Инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасы қазіргі таңда дүние жүзінде барынша кеңінен таралған құбылыс. Халықаралық тәжірибені талдау инвестициялық резиденттік нарығының айтарлықтай өсу кезеңінде екенін көрсетіп отыр. Осындай бағдарламалар аясында 500 миллионнан 1 млрд АҚШ долларына дейін инвестициялар тартылуда», - деді ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов.

Оның сөзіне қарағанда, «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасын қолдану ұсынылады.

Онда елдің инвестициялық визасы мен салық резиденттігін алу болжамдалған.

«Инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасының мақсаты - бұл инвестордың және оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасына көп мәртелі кіру визасын беру арқылы инвестицияларды тарту. Бағдарламада инвестициялаудың көлемі мен құралдары, инвестициялық салық резиденттігін алу рәсімдері айқындалады. Осы тұста Қаржы орталықтың инвестициялық резиденті мәртебесін алу процессі туралы қысқаша тоқталу қажет.

Ең алдымен, әлеуетті шетелдік инвестор «Астана» халықаралық қаржы орталығы кеңсесінде сенімділікке және осы қаржы орталығы туралы Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеруден өтеді. Тексеруден өткеннен кейін әлеуетті шетелдік инвестор Орталықтың қаржылық құралдарына инвестициялар салып (кемінде 60 000 $), инвестициялық резидент мәртебесін ала алады», - деп нақтылады Ә. Смайылов.

Инвестициялық резидент «Астана» халықаралық қаржы орталығының өтінішхаты бойынша 5 жылға дейінгі мерзімге кіру визасын алуға құқылы.

Әрі қарай, инвестор елде тұрып жатқанына 90 күн өткеннен кейін және бюджетке жыл сайынғы міндетті төлемді төлегеннен кейін, ол Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден пайда болған кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеуден босату құқығын алады.

Елдің ішінде туындаған кірістерге Салық кодексіне сәйкес салық салынатынын атап өту маңызды.

Соңғы жаңалықтар