Қазақстанда интернет-аудиторияға талдау жүргізетін Chartbeat жобасы іске қосылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда интернет-аудиторияға талдау жүргізетін Chartbeat жобасы іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қазақстандық баспасөз клубына сілтеме жасап.

Аталмыш құрал сайттың жекелеген парақшалары және ондағы элементтер бойынша нақты уақытта сайт қолданушыларының неге қаншалықты назар аударатынын анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ екі негізгі параметр бойынша өлшемдер жасалады: recirculation (қайта оралу, сайт парақшаларына өту, парақшалардағы элементтермен өзара әрекеттесу) және engaged time (қолданушылардың сайтта өткізетін белсенді уақыты, сессияның ұзақтығы).

Chartbeat сервисін әлемнің 60-тан аса еліндегі USA Today, CNN, The New York Times, Vox, Fox News Channel, The Washington Post, MSN, BBC, Le Monde, Ringier, The Independent, El Tiempo, Caracol Television, Nikkei America, Media Prima сынды көшбасшы БАҚ қолданып отыр.

Chartbeat отандық БАҚ-қа барынша терең талдау жасап, өзінің аудиториясын түсінуге, онлай-өлшемдердің барынша нақты әдістерін қолданып, контент сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жоба редакторлық саясатта метрикаларды пайдалану арқылы жалпы онлайн-нарықты кәсібилендіруге ықпал етеді. Заманауи әдістерді қолдану қазақстандық БАҚ-тарды оқушылардың аудиториясын кеңейтіп, жарнамадан түсетін кіріс көлемін арттыруға кқмектеседі.

Осыған дейін Полиция интернет пабликтерді бақылайтын жұмыс тобын құрғандығы хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар