Қазақстанда интернет арқылы төлем жасау 3 есеге ұлғайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың басым бөлігі картамен есеп айырысқанды жөн санайды. 2017 жылдың қаңтар-шілде айларында қолма-қол ақшасыз төлемдер айналымы 1,2 трлн теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 70,4% немесе 480,0 млрд-қа өскен, деп жазады ranking.kz.

2017 жылдың қаңтар-шілде айларында төлем карталарымен жасалатын операциялар саны  былтырғы жылмен салыстырғанда 70,9% (39,8 млн) өсіп, 95,9 млн транзакцияны құрады.

Ал, интернет арқылы жасалған төлемдер сомасы 3 есеге ұлғайды, яғни 269,6 млрд теңгеден 406,2 млрд теңгеге жетті.

Қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің өсімі бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Мұнда 2017 жылдың қаңтар-шілде айларында қолма-қол ақшасыз төлемдер сомасы былтырғы жылмен салыстырғанда, 266 млрд теңгеге (80,7 пайыз) артып, 595,4 млрд теңгені құрады. Одан кейінгі орында Астана қаласы, мұнда айналым көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 67,7 млрд теңгеден (73,7 пайыз) 159,4 млрд теңгеге өсті. 

Соңғы жаңалықтар