Қазақстанда инсультті тез анықтайтын жоба іске қосылды
2021 жылғы 6 желтоқсан 13:26

Қазақстанда инсультті тез анықтайтын жоба іске қосылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханасының базасында ишемиялық инсульт диагностикасының пилоттық жобасы қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда алғаш рет пилоттық жоба, мидың қан ағымын ең кішкентай тамырлар (капиллярлар) деңгейінде бағалауға мүмкіндік беретін сәулелік (компьютерлік) диагностиканың заманауи әдісі - бас миының КТ перфузиясы зерттеуі енгізіліп жатыр.

Аталған зерттеу ми қан айналымының жіті бұзылулары, созылмалы ишемиясы бар пациенттерге жүргізіледі.

КТ перфузиялық зерттеу әдісін қолдана отырып, инсульттің бастапқы кезеңдерінде сенімді диагноз қоюға болады.

Дәрігерлердің айтуынша, КТ перфузиялық зерттеудің сезімталдығы өте жоғары. Аурудың белгілері басталғаннан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде мидың зардап шеккен аумағында қан ағымының төмендеуі айқын анықталады.

«Перфузиялық КТ-ның ми тамырларындағы қан ағымының жылдамдығын, көлемдік және уақытша көрсеткіштерін өлшеу және есептеу мүмкіндігі адекватты терапияны таңдауда және науқастың емдеу процесінің динамикасын бақылауда маңызды рөл атқарады. КТ перфузиясы біздің нейрохирургтерге хирургиялық емдеу әдісін жоспарлауға көмектесе алады, көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштердің критерийі, сондай-ақ операциядан кейінгі асқынулардың болжаушысы бола алады», - деп түсіндірді Алматы қаласы №7 Қалалық клиникалық аурухананың №4 нейроонкология бөлімшесінің меңгерушісі, Нейрохирургия орталығының жетекшісі, профессор Ермек Дүйсембеков .

Дәрігердің сөзінше,клиникалық тәжірибеде КТ перфузия клиникалық симптомдар пайда болғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда пациентте ишемиялық инсультті диагностикалауға ғана емес, сонымен қатар ми заты мен өміршең тіндердің қайтымсыз өзгерістерінің арақатынасын анықтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта, медицинасы дамыған шет елдерде перфузиялық КТ церебральды қан ағымын өлшеудің кеңінен қолданылатын әдістерінің бірі ретінде клиникалық тәжірибеде кеңінен қолданылады.

№7 Қалалық клиникалық аурухана базасында жуырда Ресей Федерациясы мен Қазақстанның 10-нан астам өңірінен келген радиологтар мен сәулелік диагностика зертханашылары үшін шеберлік сағаты өтті.

Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасының сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Галина Батталова атап өткендей, КТ перфузия – өте қымбат зерттеу, ол инсультпен ауыратын науқастарға көрсетілімдер бойынша тегін негізде жүргізіледі.

«Болашақта – барлық заманауи талаптарға жауап беретін стандартталған және оңтайландырылған сканерлеу хаттамалары жасалады, оларды дәрігерлер стационарларда қолданады және клиникалық тәжірибеге енгізіледі деген ойдамыз. КТ перфузиясы церебральды қан ағымын бағалаудың басқа әдістеріне қарағанда бірқатар даусыз артықшылықтарға ие. Ең негізгілері - инсульт диагностикасының кең қолжетімділігі, жылдамдығы мен дәлдігі, әісресе, аурудың бастапқы кезеңдерінде», - деді Галина Батталова.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT