Қазақстанда инфляция тағы да өсуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда инфляция тағы өседі деп болжанып отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин Парламентте республикалық бюджетті талқылау кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Проинфляциялық тәуекелдердің күшеюін ескерсек, Қазақстанның инфляция болжамы өсу жағына қарай қайта қаралуда. Биыл наурызда Қазақстанда инфляция 12%-ға дейін жеделдеп, 2016 жылғы қыркүйектен бастап ең жоғары мәнге жетті», - деді В. Тутушкин Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, азық-түлік тауарлары инфляцияға ең көп үлес қосқан, мұндағы баға өсімі 15,4%-ға дейін жеделдеген.

«Наурызда біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірден қымбаттап кеткенін байқадық, бұл Ресейден импорттауға тыйым салу аясында бірқатар азық-түлік тауарларының дефицитіне байланысты орын алды. Соның әсерінен наурыздың екінші аптасында азық-түлік тауарлары бағасы 5,6%-ға өсті. Осыдан кейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының апта ішіндегі өсімі наурыздың соңғы аптасында 1,3%, сәуірдің бірінші және екінші аптасында қатарынан 0,9% болып, біртіндеп тұрақтана бастады», - деді Ұлттық банк өкілі.

Бұған дейін В. Тутушкин Қазақстан үшін сыртқы инфляциялық жағдай күрделі болатынын болжаған еді. Сонымен қатар наурыз айында ең жоғары инфляция тіркелген.



Соңғы жаңалықтар