Қазақстанда инфляция қарқын алып, бір айда 15% жетті

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шілде айында елде жылдық инфляция қарқын алып, 15,0%-ды (маусымда – 14,5%) құрады. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық банкке сілтеме жасап хабарлайды.

Аймақтар арасында жылдық инфляция 16 өңірде жеделдеп, 3 облыста бәсеңдеді, 1 өңірде өзгеріс болған жоқ.

Инфляцияның едәуір қарқыны Атырау облысында сезілді (маусымдағы 14,1%-дан шілдеде 16,0%-ға дейін).

Азық-түлік бағасының өсу қарқыны шілдеде 19,7% ж/ж дейін ұлғайды (маусымда – 19,2%). Осы топқа жататын тауарлардың бағасы Маңғыстау облысында барынша өсті (24,0%).

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 14,2%-ға дейін жеделдеді (маусымда – 13,2%). Ең жоғары мән Нұр-Сұлтан қаласы мен Ұлытау облысында (18,5%-дан), ал ең төменгі мән Алматы қаласында (12,3%) тіркелді.

Ақылы қызмет көрсету бағасы шілдеде ж/ж мәнін 9,2% деңгейінде сақтады, бұл ретте жалпы республикалық деңгейден баға едәуір жоғары болған Түркістан (11,4%), Ақтөбе және Жамбыл облыстарында (6,7%-дан) біршама төмен өсті.

2022 жылғы шілдеде елдегі айлық инфляция 1,1%-ды құрады, бұл соңғы 5 жылда шілдедегі инфляцияның орташа мәнінен едәуір жоғары (2017-2021 жылдары: 0,3%).

Барлық өңірде 2022 жылғы шілдеде баға орташа тарихи нормадан жоғары өсті. Айлық инфляцияның анағұрлым қарқыны Атырау облысында байқалды (2,1%).




Соңғы жаңалықтар