Қазақстанда инфляция 7,6 %-ды құрады - ҚР Ұлттық банкі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2014 жылғы қарашада инфляция жылдық көрсеткіш бойынша 7,6%-ды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салыстырмалы түрде айта кетсек, 2013 жылғы желтоқсанда инфляция 4,8%-ды құраған, болатын.

«Азық-түлік тауарлары соңғы 12 айда 7,7%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 8,6%-ға, ақылы қызмет көрсету - 6,6%-ға қымбаттады.

Азық-түлік тауарларының нарығында 2014 жылғы қарашада көп дәрежеде жарма 12,4%-ға, оның ішінде қарақұмық - 19,6%-ға, жемістер мен көкөністер - 2,5%-ға, оның ішінде орамжапырақ - 8,6%-ға, картоп - 8,2%-ға, ұн - 0,7%-ға, сүт өнімдері - 0,6%-ға, балық және теңіз өнімдері - 0,7%-ға, май және тоң майлар - 0,5%-ға, кондитерлік өнімдер - 0,3%-ға, сондай-ақ темекі бұйымдары - 1,0%-ға қымбаттады. Қанттың бағасы 0,1%-ға, өсімдік-сары май - 0,4%-ға арзандады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында сыртқы киімнің бағасы 0,5%-ға, аяқ киім - 1,0%-ға, тұрмыстық үй заттары - 0,2%-ға, дәрі-дәрмектер - 1,5%-ға өсті.

Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын үй-коммуналдық саладағы қызметке ақы төлеу 0,7%-ға өсті. Бұл ретте орталық жылыту үшін тарифтер 1,9%-ға, ыстық су - 1,7%-ға, сұйытылған газ - 0,8%-ға, тұрғын үйді ұстау - 0,6%-ға өсті, тарату желілері бойынша тасымалданатын газ үшін тарифтер 0,1%-ға төмендеді. Бұдан басқа, өткен айда амбулаторлық қызмет көрсету бағасы 0,4%-ға, білім беру қызметі - 0,3%-ға, мейрамханалар мен қонақүйлер қызметі - 0,9%-ға көтерілді, көлік қызметі - 0,2%-ға арзандады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар