Қазақстанда инфляция 3,8 % құрады - Ұлттық банк

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда биылғы жеті айда инфляция 3,8 % болды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен (5,2%) төмен болып отыр. Мұндай ақпаратты ҚР Ұлттық банкі таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жылдық инфляция шілдеде 7,1%-ға дейін төмендеді, бұл азық-түлік нарығындағы ахуалдың тұрақтануына себепші болды. Жылдық инфляция 2017 жылға белгіленген 6-8% дәлізі шегінде тұр.

Жыл ішінде базалық инфляцияның көрсеткіші 6,7%-ға дейін біртіндеп төмендеген, ол инфляциялық қордың жақсаруына өз септігін тигізген.

Ай сайын халық арасында инфляция нәтижелері бойынша сауалнама жүргізіледі. Шілдеде халықтың инфляцияны қабылдау жөніндегі пікірі бойынша инфляция тұрақты болмақ.

Өткен айдағы бағаның өсуін сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі (43%) қалыпты ретінде қабылдады. Ал оны күшті деп бағалаған респонденттердің саны одан 10 тармаққа аз. Бір жыл бойы халықтың бағаның өсуін бағалауы бір қалыпты болып тұр.

Алайда, келесі айда бағаның қалыпты өсуін күтетін халықтың үлесі ұлғайды.

Келер жылы бағаның өсуін күтетіндер арасында өсу қарқынының ағымдағы деңгейде сақталатындығы туралы пікір басым (36,3%-38,9%).

2017 жылғы шілдеде «Сіздің пікіріңізше, жалпы алғанда бағалар келесі 12 айда қалай өзгереді?» деген сұраққа берілген жауаптар бойынша инфляцияның алдағы бір жылға есептелген сандық бағасы халықтың инфляциялық күтулерінің 2018 жылға арналған нысаналы дәліз шегінде (5-7%) 6,4% болатынын көрсетті.

Соңғы жаңалықтар