USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Қазақстанда Илон Маск компаниясының спутниктік интернеті сынақтан өткізілмек

2021 жылғы 6 желтоқсан 23:25
Бөлісіңіз:
Қазақстанда Илон Маск компаниясының спутниктік интернеті сынақтан өткізілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Келер жылы елімізде әлемдегі ең бай адамдардың бірі Илон Маск басқаратын компанияның спутниктік интернеті сынақтан өткізілмек. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Интернет кеңістігін мониторингілеу күшейтіледі Депутаттар мектептердегі интернет сапасы мен қашықтан оқыту мәселесін көтерді Жаңалықтарды Kaspi.kz, Halyk Bank және Beeline қосымшаларынан интернетсіз оқуға болады

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында тілші: «Қазақстандықтарды сапалы интернетпен қамту мақсатында АҚШ миллиардері Илон Масктың компаниясымен келісім қалай жүріп жатыр? Елімізде аталған компанияның спутниктік интернетін тестілеу жұмысы басталды ма?», - деген сұрақ қойды.

Сұраққа ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов жауап берді.

«Бүгінде еліміздегі спутниктік интернет және телевизиялық таратуды «KazSat-2» және «KazSat-3» спутнигі қамтамасыз етіп отыр. Қазір әлемде аман талабы мен сұранысына сай сапалы және жоғары жылдамдықтағы интернет ұсынатын компаниялардың қатары көбейіп келеді. Жалпы сапалы интернет туралы әңгіме қозғайтын болсақ, онымен айналысатын бүгінде әлемде 3 ірі компания бар. Ол One Web, SES және Starlink (SpaceX) компаниясы. Биыл елімізде One Web компаниясымен бірлесіп 2 рет техникалық тұрғыдан тестілеу жүргіздік. Яғни интерттің жылдамдығы мен техникалық сәйкестігін сынақтан өткіздік. Бұл бағыттағы жұмыс пилоттық жоба ретінде жалғаса береді», - деді Б. Оралмағамбетов.

Оның айтуынша, 2022 жылы Қазақстанда жаңа спутниктік интернет қызметі сынақтан өткізіледі.

«SES» туралы айтар болсақ, бұл компанияның спутниктік интернет қызметін Алматы облысында сынауды таяуда ғана бастадық. Бүгінде сынақ жалғасып жатыр. Starlink компаниясына келсек, ол бойынша келер жылдың бірінші тоқсанында пилоттық жоба ретінде елімізде іске асыру жоспары тұр. Бүгінде аталған компаниямен келісімге келіп жатырмыз. Одан әрі жүзеге асырылып жатқан пилоттық жобалардың нәтижесі мен көрсеткішіне қарай нақты шешім қабылданатын болады» - дейді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT