Қазақстанда ІІМ-інің жоғары оқу орындарына қабылдау басталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық ІІД-нің кадрлық жұмыс басқармасынан хабарлағандай, облыстағы жалпы білім беретін мектептер мен колледж түлектерін ҚР Ішкі істер министрлігінің Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларына қабылдау 15 қаңтарда басталады.

«Біздің міндетіміз - бұл ЖОО-да білім алатын лайықты үміткерлерді таңдау. Осы мақсатта біз күзге қарай мектеп түлектерімен кәсіби бағдарлау, «Ашық есіктер күнін», кездесулер өткізіп, оқушылармен еліміздегі ІІМ-нің ЖОО-да білім алудың басымдықтары туралы әңгімелестік», - деді департаменттің кадрлық жұмыс басқармасы бөлімінің бастығы, полиция майоры Ерболат Қуанов.

Оның айтуынша, аймақта ІІМ-нің жоғары оқу орындарында білім алуға, содан кейін құқық тәртібі органдарында қызмет етуге ниет білдіріп жүрген түлектердің саны жылдан жылға өсіп келеді. «Қазіргі кезде бұл ЖОО-ларда бюджеттік негізде көптеген заманауи мамандықтар бойынша мамандар даярлануда, сондықтан ақтөбелік түлектер арасында аймақ үшін бөлінген квоталық орындарға байқау әрдайым үлкен болады», - деп атап өтті бөлім бастығы.

Соңғы жаңалықтар