Қазақстанда I жартыжылдықта алтын өндірісінің көлемі 8,4% артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында өндірілген өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі алтынның көлемі 44 965 келіні құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес айларымен салыстырғанда 8,4 пайызға жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есептік кезеңде өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі күмістің өндіріс көлемі 494 145 келіні құраған, бұл - былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 9,3 пайызға төмен.

Соңғы жаңалықтар