Қазақстанда І жартыжылдықта 404,9 мың жеңіл авто тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында 404 мың 916 жеңіл авто тіркелді Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,4% аз көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Биыл 1 маусымдағы дерек бойынша, Қазақстанда тіркелген жеңіл көліктердің саны 3 687,6 мыңға жеткен. Есепті кезеңде 6 743 жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл былтырғыдан 4,9% аз. Жол апатынан зардап шеккендер саны - 9 437.

1 шілде күнгі дерек бойынша, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары жалпы сомасы 14,5 млрд теңге болатын 37 672 сақтандыру төлемақысын төлеген.

Автор: Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар