Қазақстанда І тоқсанда табиғи газ өндірісі 3,6% артқан

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-наурызында табиғи газ өндірісі 14,6 млрд текше метрге жетіп, 2018 жылдың осы кезеңінде 3,6% артты. Оның ішінде газ тәрізді табиғи газ 5,9 млрд текше метрді құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталып өтілгендей, осы жылдың қаңтар-ақпанында сұйық және газ күйіндегі табиғи газдың 44,3% Атырау облысында (4,3 млрд текше метр), 35,3%-ы - Батыс Қазақстан облысында (3,4 млрд текше м, -1,7%), 12,1%-ы - Ақтөбе облысында (1,2 млрд текше м, +6%) өндірілген. Табиғи газдың табиғи күйінде өндірудің негізгі бөлігі Батыс Қазақстан облысында (88,2%) шығарылған.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ үлесіне жалы өндірілген мұнай мен газ конденсатының 28%-ы, табиғи және ілеспе газдың 16%-ы тиесілі. Сондай-ақ, ұлттық компания 95% табиғи газды магистральдық газ құбырларымен тасымалдайды.

Соңғы жаңалықтар