Қазақстанда халықаралық сәлемдеме үшін төленетін баж салығы жеңілдеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан азаматтары құны 200 еуродан аспайтын және салмағы 31 келіден аспайтын сәлемдемелерді кедендік баж салығын төлемей-ақ ала алады. Бұл туралы ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ал егер жүк белгіленген нормалардан асқан жағдайда, құннан 15% мөлшерде, бірақ құндық немесе салмақ нормаларынан асып кеткен салмақтың әр килограмы үшін 2 еуродан кем емес мөлшерде кедендік төлемдер талап етіледі.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап баж салығын төлеу үшін әрбір жеке сәлемдеменің салмағы мен құны негізге алынады. Мысалы, шетелдік интернет-дүкенде тапсырыс берілген, құны 300 евро болатын сәлемдемеге жолаушының кедендік декларациясын тапсыру қажет, сондай-ақ құндық нормасынан асып кету құнына 15% мөлшерінде кедендік баждарды төлеу керек (яғни, 100 еуродан 15%). А егер сәлемдеме құны 200 еуродан төмен болса, бірақ оның салмағы 35 кг болса (яғни, салмақ нормасынан 4 кг артық), онда 4 кг салмағына кедендік баж салығына жатады.

Халықаралық пошта арқылы жіберілген жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік декларациялауға жатады.

Халықаралық пошта арқылы жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген және осындай халықаралық пошта жөнелтілімдерімен бірге жүретін құжаттарда мәлімделеді.

Бұл ретте, халықаралық пошта жөнелтілімінің мәлімделген құны, егер ол Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарда көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлар құнынан асып кетсе ғана жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны болып саналады. Жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнына көлік және сақтандыру шығындары кірмейді.

Халықаралық пошта айырбастау орындарында (мекемелерінде) сақталған халықаралық пошта жөнелтілімдері үшін уақытша сақтау мерзімі алты айды құрайды.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 «Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кейбір мәселелер туралы» Шешіміне (№1 қосымша) сәйкес, жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу нормаларын одан әрі төмендету қарастырылмағанын ескеру қажет.

Сәлемдеменің қайда екенін «Қазпошта» АҚ-ның www.post.kz ресми сайтынан көруге болады.


Соңғы жаңалықтар