Қазақстанда халықаралық дәліздегі 1 шақырым жолды салуға 1-3 млн. доллар аралығында қаржы жұмсалады

None
None
күйектің 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанда халықаралық дәліздегі 1 шақырым жол салуға 1-3 млн. доллар аралығында қаржы жұмсалады.

 

 Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы шеңберіндегі келісімді талқылау барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Жобаны талқылау барысында депутат Ержан Исақұлов 1 шақырым жолға кететін шығынның 1 млн. долларды құрауына күмән келтірген болатын. «Бізге «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасының Тараз учаскесі бойынша 170 млн. доллар несие беріледі. 25 млн. долларды өзіміз құямыз. Бұған 5,1 пайыздық ставканы қосыңыз. Сонда Қазақстанда 1 шақырым жол құны 1 млн. доллар емес, 2-3 млн. долларды құрайды екен», деді Е. Исақұлов.

 

Депутат көтерген осы мәселеге жауап қайтарған ҚР Көлік және коммуникациялар министрі Әбілғазы Құсайынов, қазіргі уақытта Қазақстанда халықаралық дәрежедегі  6 транзиттік дәліз өтетіндігін атап өтті.  «Ал «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын қайта жаңалауға жататын 1 мың 390 шақырымы 1-ші санаттағы жолдар, яғни 4 жолақты болып табылады. Әрине, екі жолақты жолдың 1 шақырымын салуға 1 млн. доллар қаржы кетеді. Сәйкесінше,  жоғары санаттағы 4 жолақты  жолдарға кететін шығын 2-3 млн. долларды құрайтын болады», деді  министр.

Соңғы жаңалықтар