Қазақстанда халықаралық әскери олимпиада басталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды мемлекеттік университетінің базасындағы Радиоэлектроника әскери-инженерлік институты ТМД жоғары әскери білім беру ұйымдары курсанттарының арасында математикадан V Халықаралық олимпиаданы өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олимпиадаға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен келген командалар қатысып жатыр.

«Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Н. Ермекбаевтың тікелей басшылығында бүгінде әскери оқу орындары сапалы офицерлер құрамын даярлауға баса жіті мән беріп келеді. Мұндай шаралар халықаралық сенімді нығайтып, ТМ-ға қатысушы мемлекеттердің әскери жоғары оқу орындары арасындағы достықты нығайтуға, тәжірбе алмасуға септігін тигізеді», - дейді кадрлар және әскери білім беру департаментінің бастығы генерал-майор Р. Көпбаев.

Олимпиада 4 тур бойынша өткізіледі. Өткен екі турдың қорытындысы бойынша Қазақстан командасы көш басында келеді. Екінші орында Ресей, үздіктер үштігін Өзбекстан командасы түйіндеп тұр.

Айта кетейік, ТМД жоғары әскери білім беру ұйымдары курсанттарының арасындағы математика халықаралық олимпиадасы 2014 жылдан бері өткізіледі.

Олимпиаданың жабылу рәсімі 25 сәуір күні болады.

Соңғы жаңалықтар