+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Қазақстанда ғылыми жобаларға грант қалай беріледі

2019 жылғы 13 ақпан 13:02
Бөлісіңіз:
Қазақстанда ғылыми жобаларға грант қалай беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин елімізде ғылыми жобаларға гранттардың қалай беріліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде грант беру шарттары толығымен заңды негізде іске асырылады. Грант беру тәртібі айтарлықтай қарапайым. Конкурсқа қатысушылар мен ғалымдарымыздың бәрі бұл сөзімізді растай алады. Шарт бойынша жоба жетекшісі міндетті түрде Қазақстан азаматы болуы керек. Сол секілді жоба да Қазақстан аумағында жүзеге асырылуы тиіс. Гранттың сомасы - 300 миллион сомадан аспайды. Ғылыми жобаны ұсынатын команда жеті адамнан аспауы тиіс. Ол командада коммерциализация бойынша маманның болуы міндетті. Әлбетте, жоба үш жылға дейін іске асуы тиіс», - дейді Әнуарбек Сұлтанғазин.

Оның айтуынша, «Ғылым қоры» АҚ белгілі бір ғалымның жобасына қаражат бөлу жағымен бірге, ол жобаның нарықта өз орнын табуына да көмектеседі.

«Біздің әрбір жобаның өзіндік күнтізбелік жоспары мен сметасы бар. Күнтізбелік жоспар бойынша, 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін 6 жобаны аяқтап бітіруіміз керек болатын. Біз бұл жобаларды толық аяқтадық. Күнтізбелік жоспар бойынша осы жылы 31 жобаны бастаймыз», - деді ол.

Еске сала кетсек, «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазиннің үш конкурстың нәтижесі бойынша мақұлданған жобаларға отандық бизнес өкілдері бұрынғыдан көбірек ақша бөле бастағанын хабарлаған едік.

«Алғашқы конкурсқа бар-жоғы 337 жоба келіп түсті де, соның нәтижесі бойынша 32 жоба қаржыландыру бойынша қолдау тапты. Ал 2017 жылы өткізген конкурсқа 502 жоба түсті. Олардың ішінде 72 жоба қолдауға ие болды. Сонымен қатар, үшінші конкурсқа 431 жоба қабылданып, оның 78-і іріктелді. Осылайша, іске асырылған жобаларды есептеп отырсақ, үш конкурс бойынша мақұлданған жобаларға бөлінетін қаражаттың 40,3 пайызын бизнес өкілдері аударған. Демек, бизнес қазіргі таңда Қазақстанда ғылыммен жұмыс істеуге болатынына сенді», - дейді Әнуарбек Сұлтанғазин.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ғылым, Қаржы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT