Қазақстанда ғылыми зерттеу нәтижесін өндіріске енгізуге дейінгі процесс толық бақыланбақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының депутаттарын ғылым мәселелері жөніндегі заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда өндірістің инновациялық дамуының және экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің өсуінің зор факторы ретінде ғылымның рөлін түсінген жөн. Сенатта индустриялық-инновациялық негізде өндірісті әртараптандыру міндеттерін жобалауда ғылым мен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың дамуына байланысты қандай да бір дәрежеде заң жобалары бірнеше рет қаралды. Бұл ретте ғылым мен өндірісті интеграциялаудың негізгі құралы ретінде ұлттық инновациялық жүйені (ҰИЖ) толыққанды қалыптастырудың күрделі мәселелері көтерілді», - деді заң жобасын оқыған сенатор Еділ Мамытбеков.

Оның айтуынша заң жобасы арқылы ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, инновациялық қорлар, инженерлік зертханалар, технопарктер, коммерцияландыру кеңселері мен басқа да құрылымдар арасындағы даму теңгерімсіздігін жою көзделген. Бұдан басқа, ғылымның академиялық, жоғары оқу орындары мен салалық тармақтарын тиісті үйлестіруді жолға қою бөлігінде түзетулер енгізіледі. Бұл қаржыландырудан бастап ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізуге дейінгі процеске толыққанды мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар