Қазақстанда ғылыми қызметкерлер жетіспейді – Саясат Нұрбек

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істейтін мамандар тапшы. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде қазір ғылыми кадрлар жетіспейді. Егер Тәуелсіздік алған жылдары 52 мыңға жуық ғылыми қызметкер болған. Одан бері біз 35 мың маманнан айрылдық. Қазір еліміздегі жоғары оқу орындары базасындағы ғылыми-зерттеу институттарында 22 мың ғылыми қызметкер жұмыс істейді. Біздің міндетіміз - жастарды қолданбалы ғылымға тарту», - деді министр.

Сондай-ақ ведомство басшысы ғылымды қаржыландыру жүйесі қайта қаралатынын айтты.

«Көп болмаса да, ғылымға ақша бөлінеді. Бірақ олардың нәтижесі тиімді емес. Оны біз мойындаймыз. Ғылымға қаражат бөлінгесін, оны өндіріске енгізу қажет. Сондықтан біз қаржылық және ұйымдастыру моделін қайта қарауымыз керек», - деп жоспарларымен бөлісті Саясат Нұрбек.

Еске салайық, бұған дейін министр енді жоғары оқу орындары мен кәсіптік білім беретін ұйымдар жаңа оқу бағдарламасын болжамсыз жасай айлмайтынын мәлімдеді. Саясат Нұрбектің пікірінше, білім ордалары еңбек нарығындағы маман тапшылығы мәселесін ескеруі тиіс.



Соңғы жаңалықтар