+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қазақстанда ғимараттарды лаңкестерден қорғаудың тетіктері жетілдірілді

2019 жылғы 11 желтоқсан 11:28
Бөлісіңіз:
Қазақстанда ғимараттарды лаңкестерден қорғаудың тетіктері жетілдірілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Террористік тұрғыдан осал нысандардың лаңкестікке қарсы қорғалуының тиімділігін арттыруға бағытталған түзетулер блогы әзірленді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде тиісті заң жобасын талқылау барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын іске асыру тетігін құруға ерекше мән беріліп отыр. Ұлттық заңнамаға терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға жататын нысаналы қаржы санкцияларының механизмдері енгізілуде.

Бұдан бөлек, террористік тұрғыдан осал нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын жетілдіруге екпін қойылып отыр.

«Заң жобасы аясында салалық тәсіл арқылы террористік тұрғыдан осал нысандардың терроризмге қарсы қорғалуының тиімділігін арттыруға бағытталған түзетулер блогы әзірленді.

Бұл тәсіл аталған объектілер үшін ықтимал террористік қауіп-қатерлерге және олардың ерекшелігіне байланыстыра отырып, террористік тұрғыдан осал объектілердің қауіпсіздік жүйесін құруға көзделген», - деп нақтылады Ә. Смайылов.

Осы орайда, түзетулерде террористік тұрғыдан осал нысандарды қорғауды ұйымдастыру саласындағы Үкімет пен орталық мемлекеттік органдардың құзыретін нақтылау, иелері мен басшылары іске асыратын оларды қорғау жөніндегі практикалық шараларды оңтайландыру; террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін тексерудің ашықтығын қамтамасыз ету көзделеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT