Қазақстанда гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі туралы заң жобасы әзірленеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресрустар министрі Серікқали Брекешев гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігіне қатысты жеке заң әзірленетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлік апатты су қоймалары мен гидротехникалық құрылыстарды (ГТҚ) қайта құру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Кейінгі 5 жылда (2017-2021 ж.ж.) жалпы құны 12,8 млрд теңге болатын 16 нысан қалпына келтірілді. Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы 120 мыңнан астам халқы бар 16 ауылды су басу қаупі жойылды. Биыл тағы алтауын қалпына келтіру жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 9,5 млрд теңге қаржы қаралған. Қалған 19-ы 2025 жылдың соңына дейін қалпына келтіріледі. «Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі туралы» жеке заңды әзірлеу жоспарланып отыр», - деді С. Брекешев.

Оның айтуынша, тасқын суларды жинақтау үшін 2025 жылға дейін 9 жаңа су қоймасын салу жоспары бар. Судың шоғырлануының жалпы көлемі - 1,7 км3. Бұл 6 өңірдегі (Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Түркістан, БҚО және Ақмола облыстары) 70 мың адам тұратын 14 елді мекенде су тасқыны қаупінің төмендеуіне мүмкіндік береді. Өткен жылы Түркістан облысындағы «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасының құрылысы аяқталды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда 285 елді мекенді су басу қаупі сақталып отыр.


Соңғы жаңалықтар