Қазақстанда гидролог мамандар даярлау ісі қалай ұйымдастырылып жатыр

None
None
Еңбек және халықты әлемуеттік қорғау министрлігі ұсынған мәлімет бойынша, 2025 жылға дейін гидролог мамандарға қажеттілік 38 адам болады деген есеп бар.

Бүгінгі күні «Су ресурстары және суды пайдалану» және «Су ресурстарын басқару» бағыттары бойынша 6 жоғары оқу орынында білім беріледі.

«Су ресурстарын басқару» бағыты бойынша 8 жаңа кәсіби стандарт бекітілді. Қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлемуеттік қорғау министрлігінің бастамасы бойынша кәсіби стандарттарды жаңарту және әзірлеу жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Су ресурстарын кешенді басқару және суды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін мамандар даярлайтын 37 білім беру бағдарламасы тізілімге енгізілген. Атап айтсақ «Су ресурстарын басқару», «IT-технологияларды қолдана отырып су ресурстарын басқару», «Гидротехникалық құрылыстарды жобалау», «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар», «Су ресурстарын кешенді пайдалану», «Су ресурстары және суды пайдалану», «Гидравликалық мелиорация» және басқалары.

Аталған мамандықтар бойынша білім алған студенттердің тәжірибемен тағылымдамадан өтуі үшін «Энергия ВНИИПИ» АҚ, «АлЭС» АҚ, «KEGOC» АҚ, «АЖК» АҚ сияқты кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатылған.

Қазіргі уақытта «Гидротехникалық құрылыс» білім беру бағдарламасы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті білікті мамандарды даярлайды. Университет оған қажетті заманауи қондырғылармен және аспаптармен жабдықталған. Ағылшынның Armfield компаниясынан жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ Талас өзенінің бастауында «Жасүркен» оқу-өндірістік-сауықтыру лагері бар.


Фото: facebook.com/sayasat




Соңғы жаңалықтар