Қазақстанда Геологиялық мәліметтердің ұлттық банкі құрылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Геологиялық мәліметтердің ұлттық банкі құрылады. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылдың шілдесінен Жер қойнауы туралы жаңа кодекс күшіне енді. Ол жер қойнауын пайдалану саласындағы әкімшілік процедураларды жеңілдетіп, геологиялық барлауға инвестиция тартуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде Қазақстан Фрейзер институтының жер қойнауын пайдаланудың инвестициялық тартымдылығы рейтингінде өз позициясын 49 тармаққа жақсартып, 24-орынға орналасты», - деді министр.null

Оның атуынша, дәл осы жайт Қазақстанның қатты пайдалы қазбаларына геологиялық барлау жасауға жылына 100 млрд теңгеге дейін инвестиция тартуға мүмкіндік берді. Бүгінде елімізге РиоТинто, Illuka, Йылдызлар, Freeport McMoran сынды шетелдік ірі компаниялар келіп отыр.

«Өткен жылдың шілдесінен «Бірінші кел - бірінші ал» принципін жүзеге асыру басталды және барлауға арналған шамамен 40 лицензия берілді. 2019 жылы геохимиялық зертхана мен Ұлттық мәліметтер банкін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Ол қысқа уақыттың ішінде онлайн-режімде жер қойнауын пайдаланушыларға геологиялық ақпараттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деді Жеңіс Қасымбек.

Соңғы жаңалықтар