Қазақстанда генетикалық түрлендірілген соясы өте көп өнім айналымнан алынып тасталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті құрамында гендік-түрлендірілген ингридиенттер бар өнімдерді анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында Петропавл қаласындағы «Северный» супермаркетінде (Солтүстік Қазақстан облысы) бақылау үшін сатып алған өнімнің құрамында генетикалық түрлендірілген сояның шамадан тыс көп екендігін анықтады. Қаптамада өнімді дайындаушы «Зеленое село» (Қытай) өнімдері ЖШҚ деп көрсетілген. «Дед Мороз» деп аталатын ЮН-Н соя етінде норма бойынша генетикалық түрлендірілген соя 0,9% болуы керек. Алайда онда түрлендірілген сояның 2 желісі (MON 89788 - 8.45% және GTS 40-3-2 - 1.77%) шамадан тыс артық болған.

«Тамақ өнімі ҚХР Чапчал-сибо автономды уезінде өндірілген және әкелінген. Бұл ретте тұтыну қаптамасында көрсетілген өнімдерде гендік-түрлендірілген ингридиенттердің құрамы туралы ақпарат жоқ.

Осылайша, аталмыш соя етін анықтау және айналымнан алып тастау бойынша шаралар қабылдануда», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, комитеттің барлық аумақтық органдарына аталған өнімді анықтау және айналымнан алып тастау жөнінде тапсырма берілді.

Дүкен сөрелерінде сәйкес келмейтін өнімдер анықталған жағдайда жазбаша немесе 8 (7172) 74-27-04  нөмірі бойынша, сонымен қатар комитетке  және оның аумақтық департаменттеріне жүгінуге болады (әр өңірдің байланыс деректері kooz.dsm.gov.kz сайтында көрсетілген).

Айта кетерлігі, тамақ өнімдеріндегі ГТО құрамының рұқсат етілген нормасы 0,9%-дан аспайды. Белгіленген талаптарға, оның ішінде Алиментариус кодексінің халықаралық тағам стандарттарына сәйкес құрамында 0,9%-дан астам ГТО бар тамақ өнімі міндетті түрде таңбалануы тиіс.

 

 

Соңғы жаңалықтар