+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Қазақстанда гендерлік бастамалардың бірыңғай терезесі құрылады

2020 жылғы 1 маусым 11:55
Бөлісіңіз:
Қазақстанда гендерлік бастамалардың бірыңғай терезесі құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова халықаралық ұйымдармен және халықаралық қаржы институттарымен гендерлік жобаларды талқылау бойынша онлайн-кездесу өткізді.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада белсенді әкелер бас қосты Қазақстанда «BEST PAPA» әкелер форумы онлайн өтіп жатыр Атырауда Ассамблея жастары мүгедектерге 2 тонна көкөніс алып берді

Оған Еуропа одағы, Дүниежүзілік банк, ЕҚДБ, АДБ, ЕҚЫҰ, БҰҰ-Әйелдер, БҰҰДБ, ЮНИСЕФ және ЮНФПА өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онлайн-кездесу барысында Ләззат Рамазанова халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарына Ұлттық комиссия жанындағы жаңартылған Сараптамалық топтың құрамына кіруді ұсынды.

«Біз Қазақстанда қатысып отырған және іс жүзінде гендерлік компонентті іске асыратын халықаралық ұйымдар мен даму институттарының күш-жігерін шоғырландыруға ниеттіміз. Қазіргі уақытта Ұлттық комиссия Сараптамалық топты жаңартуға кірісті. Осыған байланысты біз сіздерді оның жұмысына белсенді қатысуға шақырамыз. Қиын экономикалық жағдайда бұл тиімді шараларды бірлесіп жүзеге асырудың бірегей мүмкіндігі», - деді Ләззат Рамазанова.

Сараптамалық топ негізгі үш бағыт бойынша жұмыс істейтін болады: отбасы саясаты, гендерлік саясат және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Бұл ретте, жүйелі шаралар республикалық деңгейде, ал жобалық шаралар – өңірлер арасында үздік тәжірибені беруді қамтамасыз ете отырып, облыстық деңгейде іске асырылатын болады.

Өз тарапынан кездесуге қатысушылар гендерлік теңдік, әйелдер мен балалар мәселелерін шешуге бағытталған бастамашылық жобалар туралы айтты. Ләззат Рамазанова жақын арада халықаралық және донорлық ұйымдар қатысатын жобалардың бірыңғай базасы құрылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, Төрайым Ләззат Рамазанова БҰҰ Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитетінің ұсынымдарына негізделген Ұлттық комиссияның жоспарларына назар аударды.

«Егер сіз осы бағыттардағы күш-жігерімізді қолдап, жоспарларымызды осы жылдан бастап жұмыс бағдарламаларына енгізсеңіз, барлық халықаралық ұйымдарға ризашылығымызды білдіреміз. Біз әрқайсысымен өзара іс-қимыл және өзара тиімді барынша қолдау көрсету жолдарын талқылауға дайынбыз», - деп атап өтті Ләззат Рамазанова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT