+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қазақстанда газды қайта өңдейтін зауыт салынуы мүмкін

2019 жылғы 2 қазан 17:23
Бөлісіңіз:
Қазақстанда газды қайта өңдейтін зауыт салынуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда газды қайта өңдейтін зауыт салынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алтай Көлгінов елорданың қай тұрғын үй алабына ең бірінші газ берілетінін айтты СҚО-да алғашқы ауылға көгілдір отын келді СҚО-да сұйытылған табиғи газ тасымалдайтын автопарк ашылды

«Газды қайта өңдейтін зауыт құрылысына қатысты айтар болсам, бүгінгі күні өндірілетін ілеспе газ көлемін кәдеге асыру мұнай өндіруді арттыруға тежеу болып отырған фактор саналады. Осыған орай газды қайта өңдейтін зауыт салу нұсқасы қаралып жатыр. Әзірше, болжаммен жылына 1 млрд текше метрлік өндірістік қуатты, дегенмен одан кейін еселей түсуге мүмкіндігі бар модульдік тұрғыда жасалатын нұсқасы қарастырылуда», - деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл мәселенің техникалық жағы қарастыру үстінде.

«Дәл осыған жобаның құны да, қаржыландыру мәселелері де байланысты. Бұл мәселе әзірше талқыланып жатыр. Дегенмен, іс жүзінде бұл өте дұрыс шешім. Меніңше, қажеттілікті ескер отырып, оны таяу үш жылдың ішінде жүзеге асырған жөн сияқты. Әйтпесе, одан кейін оның тиімділігі өзекті болмай қалады», - деді бірінші вице-министр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT