Қазақстанда газдандырылған кәсіпорындар саны 86% өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жыл сайын табиғи газ пайдаланатын коммуналдық-тұрмыстық нысандар, өндірістік және коммерциялық кәсіпорындар, өзге де өндіріс орындарының саны артып келеді, деп хабарлайды «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі.

Ұлттық оператордың мәліметі бойынша, соңғы 5 жылда газдандырылған отандық кәсіпорындар саны 23 725-тен  44 189-ға, яғни 86%-ға артты. Оның ішінде ірі өндірістік кәсіпорындар саны 2013 жылы 1 635 болса, 2018 жылдың қарашасында бұл көрсеткіш 82.8%-ға өсіп, 2 990 кәсіпорынға жетті.

«Сонымен қатар газға қосылған бала бақшалар, мектеп, аурухана, өзге де әлеуметтік және коммуналдық нысандар саны артып келеді. 5 жылда газға қосылған коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар саны 22 090-нан  41 189-ға, яғни 86.5%-ға өсті», - делінген хабарламада.

2018 жылдың 10 айында өткізілген газ көлемі 19,2 млрд текше метрді құрады. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 6 млрд текше метрге немесе 46%-ға көп. Осы ретте экспортқа шығарылған газ көлемі 4,3 млрд текше метрді құрады. Магистралдық газ құбырлары арқылы тасымалданған газ көлемі 93,2 млрд текше метрге жетті. 

Соңғы жаңалықтар