Қазақстанда футболдан ел чемпионаты өтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 25-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жанкүйерлер негізінен Алматы қаласында өткен жергілікті «Қайрат» пен елордалық «Астана», Қостанайдың «Тобылы» мен қарағандылық «Шахтер» кездесулеріне көз тіккені анық. Қазір «Астана» мен «Тобыл» турнир кестесінде қатарлас тұр. Бүгінгі ойындарында олардың бірі сүрініп кетсе, бас жүлде тағдыры ертерек шешілуі мүмкін еді.

Алматыдағы ойында «Қайрат» тізгінді бірден өз қолына алуға тырысты. Екі тур бұрын бұл ұжым биылғы біріншіліктің қола жүлдегері атанып қойған болатын. Соған қарамастан жасыл алаң төріндегі тартыста жақсы ойын өрнегін көрсетті. Ойынның 8-минутында «Қайрат» футболшысы Небойша Косович мергендік танытты.

Ал «Тобыл» өз алаңындағы «Шахтермен» кездесуінде мүмкіндікті мүлт жібермеуге тырысты. Ойынның 16-минутында алаң иелері қатарынан Александр Марочкин есеп ашты. Одан кейін 31-минутта Игор Сергеев, 56-минутта Азат Нұрғалиев есепті үстемелей түсті. Ал 82-минутта Элгуджа Лобжанидже қақпаны дәл көздесе, қарағандылық клубтан Андрей Гиоргади есеп айырмасын қысқартты. Кездесуде «Тобыл» қарсыласын 4:1 есебімен басым түсті.

Чемпиондыққа қай команданың қол жеткізетіні соңғы турда анықталады. Енді 26-турда 30 қазанда «Астана» елордада «Тұранды» қабылдаса, «Тобыл» Оралда «Ақжайықпен» кездеседі.

Дәл қазір аяқталған өзге ойындарда өз алаңында «Тұран» «Ақтөбеден», «Тараз» «Ордабасыдан» 1:2 есебімен жеңілсе, «Атырау» мен «Қызылжар» 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Енді аталған турда 17.00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Ақжайық» жасыл алаңға шықса, аталған турды 19.00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Жетісу» (Талдықорған) командалары түйіндейді.


Соңғы жаңалықтар