Қазақстанда футбол жанкүйерлеріне арналған мобильдік қосымша жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасы дербес мобильдік қосымшасын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақстандық жанкүйерлер алғаш рет өз смартфондары арқылы ел чемпионатының матчтарындағы өзгерістер, бірінші және екінші лига командаларының құрамы туралы тікелей хабар алып отыра алады.

Қосымшаны қазірдің өзінде жүктеп алуға болады.

Лиганың баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, платформа алдағы уақытта жетілдірілетін болады. Атап айтқанда, алдағы уақытта жанкүйерлер қосымша арқылы ойындарға болжам жасай алады. Болжамы дәл келген жанкүйерлер ұпай жинап, лиганың әріптес дүкендерінен қалаған бұйымын жеңілдікпен ала алады.

Соңғы жаңалықтар