Қазақстанда ферроқорытпа өндірісі артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның ферроқорытпа экспорты тоннамен есептегенде артқанымен, ақшаға шаққанда айтарлықтай қысқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі energyprom.kz ресурсына сілтеме жасап.

«Өндіріс оң көрсеткішке ие. Бір жылдағы өсім 6 пайызға жетті. Өткен жылдың 10 айында елімізде 2,02 млн тонна ферроқорытпа өндірілді. Оның 34,3 пайызы немесе 693,9 мың тоннасы - Ақтөбе облысында, 62,9 пайызы немесе 1,27 млн тоннасы - Павлодар облысында шығарылды. Ферроқорытпаның жалпы көлемінің 86 пайызы - феррохромға тиесілі. 2019 жылдың қаңтар-қарашасында өндірілген феррохром көлемі 1,74 млн тонна болды. Бұл бір жыл бұрынғы көлемнен 7,7 пайызға артық. Мұнан бөлек 110,5 мың тонна ферросиликомарганец өндірілді», - делінген таратылған ақпаратта.

2019 жылдың 10 айының қорытындысында елімізде өндірілген ферроқорытпаның төрттен үші экспортқа жөнелтілген. Қаңтар-қарашада экспортқа 1,55 млн тонна ферроқорытпа жіберілді. Бұл - ақшаға шаққанда 1,7 млрд доллар. Тоннаға шаққанда экспорттық жеткізілім көлемі 6,7 пайызға өсіп отыр. Дегенмен, ақшалай көрсеткіш 14,4 пайызға құлдыраған.

Қазақстанның ферроқорытпа өнімдерін негізінен Қытай, Жапония, Корея, Ресей және АҚШ сатып алады.


Соңғы жаңалықтар