Қазақстанда фармацевтика өндірісі қарқын алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 11 айында елімізде 125 млрд теңгенің фармацевтикалық өнімі шығарылды. Мұндай мәліметті ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың қаңтар-қарашасында фармацевтикалық өнімдер шығару 2019 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 45 пайызға артып, 125 млрд теңгені құрады. Қарастырылып отырған кезеңдегі фармацевтикалық өнімдердің нақты көлем индексі 139,5 пайызды құрады. Өндірістің оң өсіміне коронавирус инфекциясының алдын алуға және күресге байланысты фармацевтикалық өнімге сұраныстың артуы, сонымен қатар 2020 жылы «Қарағанды фармацевтикалық кешені« ЖШС-інде ұмытшақтықты, онкологиялық аурулар мен қант диабетін емдеуге арналған препараттар шығарудың артуы есебінен орын алды», - деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство мәліметінше, Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясындағы сатып алуларға отандық өндірушілердің қатысуы және препаратттар мен медициналық бұйымдарды жеткізуге арналған 7-10 жылдық ұзақмерзімді келісімшарт жасасу да қазақстандық өндіріске үлкен демеу болды. Бүгінде 36 отандық тауар өндірушімен 5 014 дәрілік зат атауы мен медициналық бұйымды жеткізуге 88ұзақмерзімді келісімшарт жасалған. Оның ішіде 996 дәрілік зат пен 4 018 медициналық бұйым бар.


Соңғы жаңалықтар