Қазақстанда «Евровидение-2018» балалар ән байқауына іріктеу басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Евровидение-2018» балалар ән байқауына іріктеуге өтініш 31 тамызға дейін «Хабар» арнасының сайтында қабылданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республикалық түрде жүзеге асырылатын іріктеуге 9-14 жас аралығындағы балалар қатыса алады және өтініш төмендегідей жүзеге асырылады:

-онлайн сауалнама толтыру ;

-орындауындағы әні мен жеке суретін жүктеу;

-туу туралы куәлігінің сканер нұсқасын жүктеу;

- ата-анасының (асырап алушысының) рұқсаты;

- Әннің авторлығы туралы өтініш.

Сонымен қатар іріктеуге құрамы 6 адамнан аспайтын ұжыммен қатысуға да болады және барлық қатысушыларға қойылатын талап бірдей. 

7 қыркүйек күні республикалық іріктеудің алғашқы нәтижесі шығып, финалға қатысушылар анықталады. 23 қыркүйек күні финалистер «Хабар» арнасының тікелей эфирінде гала-концерт қояды. Гала-концертте телекөрермендердің дауыс беруі арқылы жеңімпаз анықталады. Анықталған жеңімпаз 25 қарашада Минскіде өтетін «Евровидение- 2018» балалар ән байқауына Қазақстанның атынан жолдама алады.

Айта кетейік, Қазақстан аталған байқауға алғаш қатысқалы отыр және биыл қатысушылар саны жылдағыдан көбейіп, 19 мемлекет ниет білдіруде. 


Фото: www.esc-plus.com

Соңғы жаңалықтар