Қазақстанда еуропалық стандартпен Азаматтық авиация оқу орталығы құрылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда Азаматтық авиация оқу орталығы құрылады. Орталықтың қашан құрылатынын Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтық авиация саласы үшін отандық білікті кадрларды даярлау – біздің министрліктің маңызды міндеті. Отандық кадрлардың жетіспеушілігінен әуе компаниялар көбінесе шетелдік пилоттар мен әкімшілік құрамды жұмысқа тартады. Біздің елімізде жалғыз оқу орны – Азаматтық авиация академиясы бар. Оның қабырғасында жыл сайын 400-ден астам маман даярланып шығады. Олар ұшу практикасын шетелден өтеді. Министрлік жоғары білікті кадрларды даярлау мақсатында Азаматтық авиация академиясын дамыту жоспарын әзірлеуде. 2020 жылы біз сала бойынша барлық қолданыстағы оқу орындарын шоғырландырып, еуропалық стандарттарға сай келетін Азаматтық авиация оқу орталығын құруды жоспарлап отырмыз», - деді министр.

Бейбіт Атамқұлов сонымен бірге 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» жаңа мемлекеттік бағдарламасының жобасы аясында азаматтық авиацияны дамытудың барлық шаралары мен механизмдері көзделгенін мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар