Қазақстанда этносаралық келісімнің бірегей үлгісі қалыптасты - Мұрат Бөрібаев

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚХА алдағы сессиясында Елбасы этносаралық қарым-қатынасты үйлестіруді одан әрі нығайту бойынша нақты міндеттер қояды деп сенемін. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамлеясының мүшесі Мұрат Бөрібаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның пікірінше, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуында, Қазақстан халқы Ассамблеясын құруда Қазақстанның Тұңғыш Президенті, стратегиялық бастамалардың бастамашысы Н. Ә. Назарбаев үлкен рөл атқарады.

«Елбасының арқасында Ассамблеяны құру барысында елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісі, сенім, ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің ерекше жағдайы қалыптасты. Тау-кен өнеркәсібі саласының өкілі ретінде «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қызметкері бұл қолдауды жұмыс орындарында да сезінетіндеріне күмәнім жоқ. Біздің кәсіпорында, 1,2,3-ші Жезқазған байыту фабрикаларында 34 ұлт өкілдері, ал жалпы корпорация бойынша 128-ге жуық ұлт өкілдері жұмыс істейді. Кәсіпорында этникалық және діни құрал-жабдықтардың көп болуына қарамастан, қызметкерлер барлық өндірістік міндеттерді қауіпсіз орындайды», - деді Қазақстан халқы Ассамлеясының мүшесі, «Қазақмыс» корпорациясының Жезқазған тау-кен байыту фабрикасының директоры Мұрат Бөрібаев.

М.Бөрібаев 2019 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болып сайланды. Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXVII сессиясы ол үшін бірінші болғалы отыр.

«29 сәуірде сессияда Елбасы бірлік пен келісімнің формуласы ретінде этносаралық қатынастарды, толеранттылықты одан әрі нығайту мен үйлестіру бойынша нақты міндеттер қояды деп күтеміз. Сессиядан оралған соң, жоспарланған және алға қойылған міндеттерді Жезқазған өңірінде, біздің кәсіпорындарда іске асыруға кірісемін», - дейді Мұрат Бөрібаев.

Соңғы жаңалықтар