Қазақстанда этникалық қақтығыстардың алдын алуды көздейтін жобалар жүзеге асырылуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 4 желтоқсанында «Қазіргі конфликтологияның векторлары» атты төртінші бүкілресейлік конфликтологиялық форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған іс-шараның қос ұйымдастырушы Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты болды. Форум заманауи жанжалдарды басқаруды дамытудың инновациялық векторларын қалыптастыруға бағытталған.

Іс-шараға Ресей Федерациясы Президентінің Оңтүстік Федералды округі бойынша өкілетті өкілі В.Н.Гурба, Бүкілресейлік конфликтологтар қауымдастығының төрағасы, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры А.В.Манойло, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Т.Қалиев және т.б. қатысты.

Андрей Манойло өз сөзінде желілік кеңістіктегі жалған технологияларға қарсы әрекет етудегі ресейлік тәжірибемен бөлісті.

Өз кезегінде, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев Қазақстан үшін этносаяси мәселелер әрқашан басымдыққа ие болып келгенін атап өтті. Сонымен қатар, елдегі этносаралық қатынастарды реттеу саласы оның қалыптасуының белгілі кезеңдерінен өткенін, оның бірі 25 жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы екенін сөзге тиек етті. ҚХА тиімділігінің жоғары бағасын осы жылы Ресей Федерациясының Президенті В.Путиннің шешімімен - Ресей халықтары Ассамблеясының құрылғандығы деп санауға болатынын айтты.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты жұмыс істей бастады, оның негізгі қызметі далалық зерттеулер жүргізу және этносаралық қақтығыстардың алдын алу бойынша жобаларды жүзеге асыру болып табылады.

Бүгінгі күні институт қызметкерлері конфликтологиялық аудит жүргізу, этносаралық шиеленістің ықтималдығы туралы алдын-ала ескерту және оны тудыруы мүмкін факторларды анықтау үшін республиканың аймақтарына мониторингтік сапарларды жүзеге асырады. Сонымен бірге, институт этникалық белгілер бойынша қақтығыстардың алдын алу және реттеу механизмін жетілдіруге бағытталған бірқатар жобаны жүзеге асыруда.

Форум аясында «Цифрлық қоғамдағы қақтығыстардың генезисі: пәнаралық тәсіл» атты бірлескен қазақстандық-ресейлік дөңгелек үстел өткізу жоспарланып отыр. Оған Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының атынан құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Дана Әшімханова мен Жанар Нақыпбекова, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты бөлімінің бастығы Мадина Нұрғалиева қатысады.


Соңғы жаңалықтар