Қазақстанда ет өндірісі артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында ет өндірісі 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,9 пайызға артып, 148 535 тоннаны құрады, деп хабарлайды ҚазАҚпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде 298 542 тонна сүт (былтырғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғандағы өсім - 5,5 пайыз), 2 493 828 тонна ұн (+15,2 пайыз), 169 782 тонна қант (-12,1 пайыз), 46 172 тонна жарма (+23,1 пайыз) өндірілген.  

Соңғы жаңалықтар