Қазақстанда ет өндірісі 7,6% өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында 138 592 тонна ет өндірілді. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,6% артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде 272 925 тонна сүт өндірілді (былтырғы қаңтар-маусым айларындағы көрсеткіштен 4,2% артық). Сонымен бірге, 1 779 724 тонна ұн (+0,4%), 120 684 тонна қант (-24,1%), 40 401 тонна астық жармасы (-0,8%) шығарылды.

Соңғы жаңалықтар