Қазақстанда ет экспортына тыйым салынуы керек пе – министр жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауда және интеграциялар министрі Бақыт Сұлтанов ет өнімдерін экспорттау көрсеткіштерін баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылы ірі қара мал еті 9 млн долларға экспортталды, жалпы көлемі – 2,7 мың тонна. Жыл басынан бергі 4 айда экспорт көлемі 9,4 млн долларға 2,6 мың тонна етті құрады. Импорт көлемі былтыр 4 айда 35 млн доллар болса, биыл 21 млн долларды құраған, яғни 41% төмендеді. Бұл көрсеткіштер экспорт көлемі артып, импорт көлемі азайып жатқанын көрсетеді», - деді Сауда министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, министр «Қуаңшылықтан кейін күзде ет тапшылығы болмауы үшін министрлік не істеп жатыр?» деген сұраққа жауап берді.

«Әрине, ет болсын, басқа өнім болсын, өндіру көлемі ең бірінші өз халқымызды қамтамасыз етуі керек. Әрі қарай экспортқа мүмкіндік болса, оны да қолдауымыз керек. Өйткені, бұл валюталық кіріс болады, шаруаларға, фермерлерге жақсы табыс алып келеді. Өз елімізде ет көлемі немесе басқа да тауар тапшылығы болса, экспортты шектейтін арнайы инструмент қарастырылған. Ол үшін ведомствоаралық комиссия құрылған, олар тапшылық байқалған кезде тиісті шешім қабылдайтын болады», - деп түсіндірді Б. Сұлтанов.


Соңғы жаңалықтар