Қазақстанда есірткіге тәуелді адамдардың саны 35%-ға азайған - ІІД

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда соңғы 5 жылда есірткіге тәуелді адамдардың саны 35%-ға  азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда оңтүстік шекараны тексеру құралдарымен қамту бойынша бірқатар ауқымды шаралар қабылданды. Оңтүстік шекараның өткізу пункті ғана емес барлық периметрі қорғаныс және бақылау жүйесімен қамтылған. Нәтижесінде жүргізілген шаралардың тиімділігіне қол жеткізілді. Бұған тұрақтылық пен Қазақстандағы  есірткіге тәуелділердің азайғандығы дәлел», - деді ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаментінің өкілі Иван Добрышин.

Оның айтуынша, Қазақстандағы есірткі тұтынушылардың саны барлық санат бойынша соңғы 5 жылда 35%-ға азайған.

«Қазір кезекте 23,5 мың есірткіге тәуелді адам тіркеуде тұр. Оның ішінде 124-і кәмелет жасына толмағандар, ал 1735-і әйелдер. Осы аралықта есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша 19 мыңнан астам есірткі қылмысы жасалған. Оның 13 мыңы саудаға қатысты болса, 1300-ден астамы есірткі контрабандасына байланысты заңбұзушылықтар. Заңсыз айналымнан 185 тоннадан астам түрлі препарат алынды», - деді И.Добрышин.

Соңғы жаңалықтар