+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Қазақстанда есірткі сататын 4800 сайт бұғатталды

2019 жылғы 23 қыркүйек 10:11
Бөлісіңіз:
Қазақстанда есірткі сататын 4800 сайт бұғатталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Есірткі саудасына қарсы тұру үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері интернет кеңістігін үнемі қадағалап отырады. Осы уақытқа дейін есірткі сататын 4800 сайт бұғатталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында есірткі плантациялары жойылды Петропавлда 18 жастағы бойжеткен есірткімен ұсталды

Елімізде жыл сайын маусым айынан қазан айына дейін ауқымды «Көкнәр» операциясы өтеді. Мақсаты – есірткі қылмыскерлерінің іс-әрекетін тоқтату.

«Синтетиканы» саудалау жақсы табыс әкеледі, сондықтан қылмыскерлер түрлі айла-тәсілдерге барады. Мәселен, 9 шілдеде Алматы облысының Талғар қаласының пошта бөлімшесінде салмағы 110 грамм 7 экстази салынған пакеті бар 27 жастағы алматылық әйел ұсталды. Сәлемдеме әйелге Нидерланды Корольдігі атынан жіберілген. Сондай-ақ, тамыздың соңында Павлодар қаласында тінту кезінде ұрланған затты үйде сатушылардың бірінен 667 грамм «жылдамдық» психотропты заты табылды» делінген хабарламада.

Байланыс құралдарының дамуына байланысты есірткі сатушылар тұтынушымен жүздеспей-ақ сауда жасай бастады. Интернет-сайттардың көмегімен олар есірткі сатып, оны келісілген жерге қояды. Тұтынушы мен сатушы бір-бірін көрмейді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оларға қарсы тұру үшін интернет кеңістігін үнемі қадағалап отырады. Осы уақытқа дейін олар барлығы есірткі сататын 4800 сайтты бұғаттап, интернет-дүкендердің мекенжайы бар 1200 граффитиді анықтады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT