+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанда ешқандай да қос билік жоқ – Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресейлік басылымға сұхбаты

2020 жылғы 3 маусым 11:04
Бөлісіңіз:
Қазақстанда ешқандай да қос билік жоқ – Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресейлік басылымға сұхбаты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алды ҚР Президенті бірқатар медицина қызметкерін марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды Президент пен лауазымды тұлғалар індеттен қайтыс болғандарды құрметпен еске алады- Берік Уәли

«Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев –қазіргі Қазақстанның негізін қалаушы, ауқымы кең тарихи тұлға. Жақында (6 шілде күні) біз Елбасының 80 жасқа толған мерейтойын атап өтеміз. Әрине, оның еліміз бен халықаралық қауымдастық алдындағы еңбегі жөнінде айтамыз. Біз үшін оның тарихи және саяси мұрасын сақтап қалу маңызды. Бұл Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту үшін аса қажет. Сондықтан, менің сайлауалды бағдарламамның алғашқы пункті сабақтастық деп аталды»,-деп жауап берді Президент тілші сұрағына.

Сонымен бірге, Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президенттің өзіне қолдау көрсеткенін айрықша атап өтті.

«Қазіргі күрделі жағдайда Н.Назарбаев менің дағдарыстан жедел шығу, жаңа экономика құрып, азаматтарға материалдық көмек беру жөніндегі бағытыма нақты қолдау көрсетті. Ешқандай қос билік жоқ. Бұл туралы Нұрсұлтан Әбішұлының өзі де бірнеше рет айтты және қоғамды қазіргі Президенттің айналасына бірігуге шақырды»,-деді ҚР Президенті.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысының Ресейдің «Комсомольская правда» газетіне сұхбаты жарияланды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT