+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанда энергия беруші ұйымдарды ірілендіру тетігі анықталды

2020 жылғы 25 ақпан 18:29
Бөлісіңіз:
Қазақстанда энергия беруші ұйымдарды ірілендіру тетігі анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда энергия беруші ұйымдарды ірілендіру тетігі анықталды. Бұл туралы бүгін Энергетика министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, өңірлік электржелілік компанияларды ірілендіруге бағытталған жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда энергия беруші ұйымдарды ірілендіру үшін кезең-кезеңмен енгізілетін талаптар белгіленді. Қабылданған шаралар талаптарға сәйкес келмейтін энергия беруші ұйымдарды өзара немесе өңірлік электр желілік компаниялармен біріктіру арқылы ірілендіру, сондай-ақ электр энергиясын беру жөніндегі қызметін тоқтату үшін ынталандыруға бағытталған. Күтілетін нәтиже – энергия беруші ұйымдар санын 30 пайызға, яғни 162-ден 110-ға дейін қысқарту.

Сондай-ақ министр иесіз желілердің ұзындығы 2017 жылы 2 350 шақырымнан 2019 жылы 225 шақырымға дейін қысқарғанын атап өтті.

«Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар жүргізген жұмыстар аясында жаңа иесіз нысандар анықталуда. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде көрсетілетін қызмет сапасының артуы байқалды», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT