Қазақстанда еңбекақысы жоғары мамандықтар қандай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ең жоғары жалақы мен жұмысқа орналасудың жоғары үлесі «Мұнай-газ ісі» мамандығын тәмамдаған түлектерге тиесілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Талапкер еңбекақысы жоғары мамандықты таңдайды. Түлектер арасында 900 мың теңгеден асатын жалақысы барлар кездесті. Жарнама жасамау үшін, жоғары оқу орнын атамауды жөн деп санаймын. Бұл мәліметтерді ЖОО-лар рейтингінен көре аласыздар», - деді білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов.

Белгілі болғандай, рейтинг  ҚР БҒМ мен «Атамекен» ҰКП сайттарында жарияланбақ.

Министрлік өкілінің айтуынша, еңбекақысы жоғары мамандық ретінде «Мұнай-газ ісі» мамандығы тіркелді. Осы бағытта білім алғандардың орташа жалақысы 250 мың теңге шамасында. Сонымен бірге, бұл мамандық бойынша жұмысқа орналасу үлесі де жоғары деңгейде.

Т. Ешенқұловтың пайымынша, сәйкесінше, бұл мамандыққа сұраныс та артатын болады.

Ал журналистика бойынша жұмысқа тұру деңгейі ең төменгілердің бірі ретінде байқалған, яғни 63 пайызды құрады.

Вице-министрдің атап өтуінше, енді талапкерлер тиісті көрсеткіштер бойынша таңдау жасай алады. Бұл ретте қандай мамандықта еңбекақы көлемі жоғары екені туралы мәліметтер көрсетіледі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламасы рейтингінің бірінші кезеңі аясында 33 мамандықтың рейтингі жасалды.

 

Соңғы жаңалықтар