Қазақстанда еңбек ресурстарын ұлттық болжау жүйесі құрылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда еңбек ресурстарын ұлттық болжау жүйесі құрылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың соңына дейін еңбек нарығында кадрларға қажеттілік болжамын шешу үшін Еңбек ресурстарын ұлттық болжау жүйесі құрылатын болады», - деді Б.Сапарбаев.

Оның айтуынша, ұлттық жүйенің басты міндеті - еңбек нарығында еңбек ресурстарының ұсыныстарын болжау және экономика үшін қажет кадрларға сұранысты қалыптастыру.

«Ұлттық болжау жүйесі 2050 жылға дейінгі демографиялық модель, еңбек нарығының 2025 жылға дейінгі макроэкономикалық моделі және алдағы екі жылға қысқа мерзімді болжам негізінде үш деңгейлі әдістемеде құрылады» , - деді Еңбек министрі.

Министрдің дерегінше, Ұлттық болжау жүйесінің нәтижелері техникалық және кәсіптік, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру кезінде қысқа мерзімді даярлау және қайта даярлау ұйымдарында пайдаланатын болады.

Сонымен қатар, біліктілік жүйесін одан әрі дамыту үшін министрлік халықаралық сарапшыларды тарта отырып, Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі 2025 жылға дейінгі жол картасын әзірлеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар