Қазақстанда еңбек құқықтарын қорғаудың қосымша қадамдарды пысықталып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Кәсіподақтар федерациясының жұмыскерлердің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін талқылау бойынша ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Комиссияның отырысында Қазақстан халқының еңбек құқықтарын қорғау мәселесі қаралып, Кәсіподақтар федерациясының жұмысы тыңдалады. Осы орайда қабылданып жатқан шаралар егжей-тегжейлі талқыланады. Әлемдегі пандемияға байланысты көп жерде жұмыс орындарының қысқаруы, кәсіпкерлер табысының төмендеуі сияқты жағдай қалыптасып отыр. Сонымен қатар, жұмысшылардың қызметінен айырылуы мүмкін деген сын-қатерлер бар. Бұл тұрығыда қандай шешім қабылдау, еңбек құқықтарын қорғау бағытында қосымша қадамдарды пысықтайтын боламыз», - деді ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қанат Мусин отырыстың алдында тілшілерге берген сұхбатында.

Талқылауға қатысқандар халықтың, оның ішінде барлық санаттағы жұмыскерлердің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру әлеуметтік жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламаларын табысты іске асырудың қажетті әрі міндетті шарты болып саналатынын сөз етті.

Осы орайда прокуратура органдары мен мемлекеттік еңбек инспекторларына жұмыс берушілердің, ең алдымен экономиканың тау-кен металлургия және мұнай-газ салаларындағы кәсіпорындардың, құрылыс ұйымдарының еңбекті қорғау жөніндегі стандарттардың, ережелер мен нормалардың талаптарын сақтауына бақылауды күшейту ұсынылды.

Бұдан бөлек, бүгінгі отырыс барысында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің сотталғандардың қауқарсыз топтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз етудегі қызметі қаралды.


Соңғы жаңалықтар