Қазақстанда еңбек еткен ЕАЭО елдерінің азаматтары зейнетке неше жастан шығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ЕАЭО-ға мүше елдердің «қашықтан» жұмыс істейтін азаматтарын жалдаған жұмыс беруші жарналарды Қазақстан заңнамасы бойынша төлеуге міндетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім күшіне енді. Бұл келісім ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына зейнетақымен қамсыздандыруға арналған құқықтарды өз азаматтарына берілетін құқықтар көлемімен бірдей етіп беруге кепілдік береді. Яғни, ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет еңбекшілердің өз аумағында 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін жинаған жұмыс өтілі үшін өз заңнамасы бойынша зейнетақы төлейді.

Осы келісімді біздің елдің аумағында іске асыруға жауапты БЖЗҚ-ның ресми сайтында «фрилансерлерге» қатысты заң талаптарын түсіндірген ақпарат жарияланды.

«ЕАЭО-ға мүше елдердің «қашықтан» жұмыс істейтін азаматтарын тартқан жұмыс беруші жарналарды ай сайын төлеуге міндетті. БЖЗҚ-ға аударылатын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері еңбеккердің ай сайынғы табысының 10% құрайды, бірақ Қазақстандағы ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауы керек», - деп жазылған ресми түсіндірмеде.

Мақалада ЕАЭО-ға мүше елдер азаматының Қазақстанда жұмыс істеген кезеңінде жинаған зейнетақысын қажетті құжаттарды ұсынған кезде мұраға қалдыруға болатыны да айтылған.

«Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасының нормаларына сәйкес, ЕАЭО елдерінің азаматтары үшін бұл құқық жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жас басталған кезде (ерлер – 63 жас, әйелдер – 2021 жылы 60 жас, әйелдердің зейнеткерлік жасы жыл сайын жарты жылға, 2027 жылы 63 жасқа толғанға дейін ұлғая береді) беріледі», - делінген БЖЗҚ мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар