+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Қазақстанда ең жылдам телескоп іске қосылады

2019 жылғы 21 қыркүйек 02:00
Бөлісіңіз:
Қазақстанда ең жылдам телескоп іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың маусым айында Назарбаев Университетінде «Exploring the Energetic Universe 2019» екінші халықаралық конференциясы өтті, деп хабарлайды Назарбаев университетінің ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
Семей мен Курчатовта көктайғаққа байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды Асхат Аймағамбетов білім саласындағы плагиатпен күресетін жүйе туралы айтты Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары екіжақты қарым-қатынасқа оң әсерін тигізеді

Онда Қазақстанда жаңа жоғары жылдамдықты телескоптың іске қосылғаны туралы хабарланған. Ғалымдар NUTTellA-TAO (Nazarbayev University Transient Telescope at Assy-Turgen Observatory) атауын алған жаңа аспапты жинақтауды аяқтап, алдын ала сынақтан өткізді.

Алдағы уақытта Ассы-Түрген обсерваториясында (Алматы облысы) орнатылған жаңа телескоптың көмегімен Назарбаев Университетінің (НУ) Энергетикалық ғарыш зертханасының ғалымдары ғарыштық гамма-қалқымаларды зерттейтін болады. Аспаптың жылдамдығы әлемдегі ең үлкен ғарыштық жарылыстардың оптикалық сәуле шығару спектрін өлшеуге мүмкіндік береді. Телескоп Нобель лауреаты және НУ Энергетикалық ғарыш зертханасының жетекшісі профессор Джордж Смут командасының мүшесі, энергетикалық ғарыш зертханасының эксперименттік тобының басшысы, профессор Брюс Гроссанның басшылығымен әзірлеушілер командасы тарапынан құрылды.

«Nuttella-TAO гамма-қалқымаларды санаулы секундта өлшеуді бастауға мүмкіндік беретін инновациялық телескоп деп атауға болады. Оның көмегімен біз SWIFT спутнигі сияқты ғарышта сезімтал аспаптармен сәйкестендірілген гамма-қалқымаларға жауап бере аламыз және оларды өлшей аламыз. Спектр нысанын өлшеу электромагниттік спектрдің ең қатты бөлігінде алыс галактикаларда бақылауға болатын ғаламда болып жатқан ең жарқын электромагниттік оқиғалардың механизмін түсінуге мүмкіндік береді. Типтік гамма-қалқыманың ұзақтығы бірнеше секундтан 100 секундқа дейін жетеді», – деп хабарлады НУ Энергетикалық ғарыш зертханасының жобалық тобының зерттеушісі Жанат Мақсұт.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Білім, Ғылым, ЖОО-лар,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT